Магомед Адиев Грекиямен матч туралы: Ойынның алдында футболшыларға қысым көрсетудің қажеті жоқ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиямен матч алдында өткен баспасөз мәслихатында командадан не күтіп тұрғанын және бапкерлер штабы қарсылас үшін қандай тактикалық тосынсыйлар дайындағаны туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Ертеңгі ойынға барлығы моральдық тұрғыдан дайын ба?
- Футболшылардың функционалдық жағдайымен жұмыс істедік және барлығы ертеңгі кештің маңыздылығын түсінеді. Біздің футболшыларымызға қысым көрсетудің қажеті жоқ және біз үшін өте маңызды болған Словениямен ойынмен салыстыратын болсақ, мен өз көзқарасымды өзгерттім және футболшылардың көзіне аз түсуге тырысамын, өйткені олар өздеріде бәрін жақсы түсінеді.
- Көптеген футболшылар қасиетті Рамазан айында ораза ұстайды. Осындай жағдайға байланысты құрамада өзгерістер орын алады ма?
- Барлық мұсылмандарды Оразамен құттықтаймын. Алла Тағала біздің дұғаларымызды қабыл алсын. Менің белгілі бір тәжірибем бар, онда футболшылардың көпшілігі ораза ұстады және Дубайда белгілі бір өзгерістер енгізілді. Жаттығулар кешке, күн батқаннан кейін, жігіттер ауыз аша алатындай етіп ыңғайлы өткізілді.
- Біз Бахтиер мен Абаттың Түркия чемпионатының ойындары қарсаңында ғана құрамаға қосылғанын білеміз. Олар ойынға деген дайындықты қаншалықты қабылдады?
- Физикалық және энергетикалық жұмыстар жақсы жүргізілді. Баханың бір жаттығуға қатысып үлгерді. Аймбетовпен біз жеке сөйлестік және мен барлық тактикалық жоспарды сипаттадым. Біз үшін бұл проблема емес, қарапайым жағдай және оның шешімін табу керек.
- Біз келесі үрдісті байқадық: сіз баспасөз мәслихатына апараған футболшылар кейін қосалқы құрамда отырды. Бахтиер бұл туралы алаңдауы керек пе?
- Сіз бұл тенденцияны өзіңіз байқадыңыз, мен бұрын байқамадым (күлімсіреді). Баха - тәжірибелі жігіт, сондықтан мұндай нюанстарға ол алаңдамайды және бапкерлер құрамына сенеді.