logo

Қазақстан Паралимпиадада 15 сатыға көтерілді

Қазақстан Паралимпиадада 15 сатыға көтерілді

Қазақстан Паралимпиадалық құрамасы Париж бәсекесінің командалық кестесінде бірден 15 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл көрсеткішке себеп болған дзюдошы Ақмарал Науатбектің алтын медалі мен жүзуші Нұрдаулет Жұмағалидің күміс жүлдесі. Қазақстан 49-орыннан 34-орынға көтерілді. 

Жалпы есепте көш бастап тұрған Қытай — 74 алтын, 55 күміс және 37 қола медаль.