6 қыркүйек: Париж Паралимпиадасында қазақстандық спортшылардың өнер көрсету кестесі
6 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Париждегі Паралимпиадада ескек есу, дзюдо және жүзуде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл ойындарда үшінші рет 2016 жылғы Паралимпиада чемпионы жүзуші Зульфия Габидуллина медаль үшін сынға түседі. Жүзудегі екінші бастама Сиязбек Далиевке де келеді.
Жүлде үшін күреске алғаш рет ескекшілер Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Спатай қатысады.
Дзюдо өкілдері өз өнерлерін жалғастырады — 6 қыркүйекте Аяла Мереке, Ерғали Шамей және Даяна Федосова татамиге шығады.