logo

Әмір Закировтің Олимпиададағы қарсыласы анықталды

Әмір Закировтің Олимпиададағы қарсыласы анықталды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында брейкдансер Әмір Зәкіровтің алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Брейкингтен Ұлттық құрама спортшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасын D тобында бастайды. Отандасымыз ертең кешке Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі спортшымен шеберлік байқасады.

Ал қазақстандық халықаралық деңгейде B-boy Amir атымен танылған. Брейк-данстан ерлер сайысы ертең кешке басталып, түнде аяқталады.

Айта кетсек, Әмір Зәкіров Шанхайда және Будапеште өткен Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша 71 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болып, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді.



Күн шежіресі