logo

Танымал баскетболшы Леброн Джеймс Париж Олимпиадасының жаңа трипл-дабл королі атанды

Танымал баскетболшы Леброн Джеймс Париж Олимпиадасының жаңа трипл-дабл королі атанды

Леброн Джеймс төртжылдықтың басты додасы Париж Олимпиадасында ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

АҚШ құрамасының жұлдызы Леброн Джеймс Олимпиаданың жаңа трипл-дабл королі атанды. Баскетболшы мұндай нәтижеге жартылай финалда Сербияға қарсы ойында қол жеткізді. Бұл – оның Олимпиададағы екінші трипл-даблы. 

АҚШ құрамасы матчтың көп бөлігінде Сербия құрамасынан төмен болды, тек Стефен Карридің 36 ұпайы мен Леброн Джеймстің «трипл-даблы» оны сәтсіздіктен құтқарды.

Нәтижесінде АҚШ құрамасы 95-91 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.



Күн шежіресі