Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды (видео)
Футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалында бақ сынайтын командалар белгілі болды.
Финал жолдамасы үшін «Ордабасы» мен «Алтай» өзара кездеседі. Шымкенттік клуб «Жетісу» командасын 1:0 есебімен жеңсе, «Алтай» пенальти сериясында «Ақтөбе» клубынан басым түсті.
Екінші жартылай финалдық жұпта «Қайсар» мен «Жеңіс» кездеседі. Қызылордалықтар пенальти сериясында «Тобыл» командасын тізе бүктірсе, астаналық ұжым «Қызылжар» клубын 2:0 есебімен ұтты.
Жартылай финалдық кездесулер екі матчтан тұрады — командалар бір-бірімен өз және сырт алаңда ойнайды. Алғашқы ойындар 17 маусымда, қарымта матчтар 24 маусымда өтеді.