Италия Кубогының финалы: «Лацио» — «Интер». Римдегі трофей үшін тартыс тікелей эфирде

Италия Кубогының финалы: «Лацио» — «Интер». Римдегі трофей үшін тартыс тікелей эфирде

13 мамыр күні Римдегі әйгілі «Олимпико» стадионында Италия Кубогының финалы өтеді. Шешуші ойында «Лацио» мен «Интер» кездеседі. Екі команда үшін де бұл матч — маусымды жүлдемен аяқтаудың маңызды мүмкіндігі.

«Лацио» биылғы маусымда А сериясында тұрақсыз өнер көрсеткенімен, кубоктық турнирге ерекше мән беріп отыр. Римдік клуб бірнеше мықты қарсыласын жеңіп, өз жанкүйерлерін қуантуды көздейді.

«Интер» финалға фаворит ретінде келіп отыр. Миландық команда турнирді сенімді өткізіп, енді қоржынға тағы бір титул қосуды мақсат етеді.

Жақында ғана командалар чемпионатта кездесіп, онда «Интер» 3:0 есебімен басым түскен болатын. Алайда финалдық матчтың өз заңдылығы бар — мұнда бәрі қайта басталады.

Кездесу 13 мамырдан 14 мамырға қараған түні Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.



Күн шежіресі