Қазақстан чемпионатының үздік дриблерінің бірі Бірінші лига клубына ауысуға жақын
30-жасар жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімов Бірінші лиганың өкілі «Екібастұз» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кәкімов жаңа маусымды «Ақсу» командасында бастап, павлодарлық клубпен ел кубогының алғашқы кезеңіне қатысты. Бірақ қазір футболшы «Екібастұз» сапында жаттығып жүр. Алдағы уақытты Асланбек екібастұздық ұжымның құрамына ресми ауысуы мүмкін.