logo

Бірінші лиганың рекордшысы үшін бірнеше клуб таласуда

Бірінші лиганың рекордшысы үшін бірнеше клуб таласуда

Бірінші лиганың бірнеше клубы «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қақпашысы Әлішер Мәмбетжанов үшін күрес жүргізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

22 жастағы Мәмбетжанов тұрақты ойын тәжірибесін алу мақсатында 2023 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Ақтөбеден» кетті. Қазір футболшы «Екібастұз» командасымен жаттығуда, бірақ оған «Арыс» және «Мақтаарал» командалары да ұсыныс жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәмбетжанов Бірінші лиганың 2023 жылғы маусымының сейвтер саны бойынша үздігі болып табылады. Өткен біріншіліктің қорытындысы бойынша Әлішер «Ақтөбе» жастар командасының сапында 102 сейв жасады.