«Елімай» Доминикан Республика құрамасының ойыншысын қатарына қосты
Эдарлин Рейес Уренья «Елімай» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Доминикандық футболшы өзінің кәсіби футболдағы алғашқы қадамын 2017 жылы USL-2 лигасында «Евро Нью-Йорк» клубында жасаған. Оның мансабында доминикандық «Сибао», боливиялық «Реал Санта-Крус» және «Олвейс Реди», сондай-ақ БАӘ-нің «Эмирейтс» клубтары болды. Сонымен қатар, 2018 жылдан бері Доминикан Республика құрамасының тұрақты ойыншысы болып табылады.
26 жастағы футболшы «Елімайға» ливиялық «Аль-Иттихад» клубынан еркін агент ретінде ауысты.