«Қайсар» лондондық «Челсидің» бұрынғы футболшысын қатарына қосты
«Қайсар» футбол клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы Виктор Мозеспен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Нигерия құрамасының бұрынғы ойыншысы жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғайды.
Виктор Мозес Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі тәжірибесімен танылған футболшы. Оның «Қайсар» сапына қосылуы — команданың алдағы маусымдағы мақсаттарының айқын дәлелі.