ПСЖ жеңгеннен кейін «Спортинг» Арокаға аттанады. «Арока» – «Спортинг» матчының трансляциясы
Лиссабондық «Спортинг» жуырда Чемпиондар лигасында қазіргі турнир иегері ПСЖ жеңіп, Еуропаны таңғалдырды.
Сол ойында Луис Суарес дубль авторы атанды. Қазір ол Португалия чемпионатында үздік сұрмергендер тізімінде 2-орында орналасып, тек «Бенфиканың» шабуылшысы Павлидистен ғана қалып келеді.
Алайда Суарестің бұл айырманы қысқартуға тамаша мүмкіндігі бар, себебі 19-тур аясында «Спортинг» төменгі лигада қалу үшін күресіп жатқан «Арокаға» қонаққа барады.
Алғашқы айналымда «Арыстандар» «Ароканы» 6:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Бұл жолғы қарсыластық қалай аяқталатынын 24 қаңтар күні сағат 23:00–де білетін боламыз.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.