Александр Зубков «Трабзонспорға» жеңіс әкелді (видео)
«Трабзонспор» Түркия чемпионатының 19-туры аясында өз алаңында «Қасымпашаны» 2:1 есебімен жеңді.
Екінші таймның басында есепті Пол Онуачу ашты, алайда қонақтарға таразы басын теңестіруге небәрі 10 минут жеткілікті болды — голды Фоссени Диабате соқты.
Ал «дауылдарға» жеңісті Александр Зубков алып келді.