«Қайрат» аргентиналық шабуылшымен қоштасты
Алматылық «Қайрат» клубы 25 жастағы аргентиналық шабуылшы Себастьян Себальостың командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар келісімшартты өзара келісім негізінде бұзды.
Себастьян Себальос кәсіби мансабын «Лос Андес» клубында бастаған. Кейін «Индепендьенте Ривадавия» және «Тальерес» клубының екінші командасында өнер көрсетті.
Аргентиналық футболшы «Қайрат» сапына 2026 жылдың басында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.