Попко Челленджер сериясының турнирінің ширек финалына шықты
 
                                            Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-та өтіп жатқан Челленджер сериясының турнирінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Екінші айналымда Попко америкалық Райан Сеггерманды 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Ширек финалда Дмитрий Спиццири мен Холттың арасындағы америкалықтардың бәсекесінің жеңімпазымен ойнайды.
 
    