logo

Almaty Open ATP 250 турниріне қатысушылар келе бастады

Almaty Open ATP 250 турниріне қатысушылар келе бастады

Алматы қаласында 13-20 қазан аралығында алғаш рет Almaty Open ATP 250 турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл – ATP аясында Қазақстанда өтетін бесінші турнир. Осыған дейін аталмыш жарыс Астанада ұйымдастырылып келсе, Almaty Arena стадионында бірінші рет өткелі отыр. 

Айтулы додаға Қытайдағы жарыстардан кейін қатысушылар келе бастады. Жаңа кортты алғашқы болып қазақстандықтар, Дэвис кубогында ел намысын 50 мәрте қорғаған Михаил Кукушкин, сондай-ақ жуырда еліміздің ересектер құрамасында бастапқы ойынын өткізген Бейбіт Жұқаев байқап көрді.

Таяу күндері турнирге әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға кіретін Фрэнсис Тиафо (№17 ATP), Себастьян Корда (№19 ATP), Алехандро Табило (№23 ATP), Карен Хачанов (№25 ATP) және тағы да басқа теннисшілер келеді. 

Өкінішке қарай, денсаулығына және алған жарақаттарына байланысты Almaty Open ATP 250 турнирінде франциялық Артур Фис, италиялық Флавио Каболли және Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик өнер көрсете алмайды.