logo

Бублик Almaty Open-ге қатыспайды

Бублик Almaty Open-ге қатыспайды

ATR 250 Almaty Open-ге дайындық қарқынды жүріп жатыр және мәре сызығына жетті. Қазақстанның оңтүстік астанасына Қытайдағы бірқатар турнирлерден кейін қатысушылар келе бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының құрамында «Дэвис Кубогында 50 матч өткізген Михаил Кукушкин, сондай-ақ жақында еліміздің ересек ұлттық құрамасы үшін дебют жасаған Бейбіт Жұқаев жаңа жаттығу кортын бірінші болып сынап көрді.

Алдағы күндері турнирге келесі спортшылардың келуі күтілуде: Фрэнсис Тиафо (17 АТР), Себастьян Корды (19 АРТ), Алехандро Табило (23 АТР), Карена Хачанова (25 АТР) және басқалары.

Өкінішке орай, денсаулық жағдайы мен алған жарақаттарына байланысты ATR 250 Almaty Open-де француз Артур Фис, итальяндық Флавио Каболли және қазақстандық Александр Бублик өз өнерлерін көрсете алмайды.



Күн шежіресі