logo

Қытайдағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін сәтті басталды

Қытайдағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін сәтті басталды

Қытайда әйелдер арасында өтіп жатқан Ухань WTA 1000 турниріне қазақстандық теннисшілер қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында дүниежүзілік рейтингіде 250-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық теннисші биылғы WTA 1000 жарыстарында жеткен жеңістерінің саны жөнінен бесінші орынға көтерілді.

ТОП-5:

Ига Швентек (Польша) — 30.

Арина Соболенко (Беларусь) — 23.

Кори Гауфф (АҚШ) — 21.

Даниэль Коллинз (АҚШ) — 17.

Юлия Путинцева (Қазақстан) — 15.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге екінші айналымға өтті. Қазақстандық-ресейлік жұп бастапқы кездесуінде жапониялық Макото Ниномия – ресейлік Яна Сизикованы жолдан тайдырды – 6:4, 6:0.

А.Данилина – И.Хромачеваның келесі қарсыластары – испаниялық Кристина Букша – румыниялық Моника Никулеску. 

Жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын Ухань додасы 13 қазанда мәресіне жетеді.



Күн шежіресі