Педро Эуженио мансабын «Тобылда» жалғастырмақ
Португалиялық шабуылшы Педро Эуженио «Тобыл» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы клубтың жартылай иесі Әлімжан Қалдияров әлеуметтік желілерінде мәлімдеді.
Эуженио маусымды «Атырау» клубында бастады. Сондай-ақ, ол Қазақстанда «Астана», «Жетісу» және «Тараз» клубтарында өнер көрсеткен.