logo

Роман Асранкулов: Ойын өте қиын болды

Роман Асранкулов: Ойын өте қиын болды

«Тобыл» қорғаушысы Роман Асранкулов «Атыраумен» (0:0) болған Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойынының нәтижесін пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ойын өте қиын болды. «Атырау» — жақсы жасақталған команда. Шынымды айтсам, айтатын ештеңе жоқ. Алғашқы «Атыраумен» ойында 0:4 есебімен жеңілгеніміз өкінішті. Екінші ойында құрамдағы шығындарға қарамастан жеңіске жетуге тырыстық. Бізді қолдап жүрген жанкүйерлерге рахмет. Алда жеңістер күтеді деп үміттенемін», — деді Асранқұлов.