logo

Қырғыз балуаны қазақстандық спортшыны шапалақпен тартып жіберді

Қырғыз балуаны қазақстандық спортшыны шапалақпен тартып жіберді

Бішкек қаласында күрес түрлерінен лицензиялық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Грек-рим күресінің шебері Әлімхан Сыздықов (130 кг) жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Киммен кездескен еді.

Бұл белдесу 7:7 есебімен аяқталғанымен, ұпай сапасы жөнінен қазақстандық балуан басым түсіп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.

Алайда күрес барысында қырғызстандық балуан Әлімханды шапалақпен тартып жібереді. Қазақстандық өз кезегінде сабыр сақтап, кездесуді жалғастырды.

«Енді ол күрес қой. Эмоция бар жерде ондай болады. Ешқандай ренішім жоқ. Кілемде қарсыласым болса да, өмірде бауырым. Бапкерім шыда, эмоцияға берілме деді. Өзімді барынша ұстадым», – деді Әлімхан Сыздықов.



Күн шежіресі