logo

«Астана» Лига Конференциясының үшінші іріктеу кезеңінде «Корвинулмен» кездеседі

«Астана» Лига Конференциясының үшінші іріктеу кезеңінде «Корвинулмен» кездеседі

«Астананың» Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық клубтың келесі қарсыласы румындық «Корвинул» болады. Екінші раундтың қарымта матчында румындар хорваттық «Риекеге» 0:1 есебімен жеңілді. Ал командалардың бірінші матчында жеңімпаз анықталмады — 0:0. Осылайша, «Риека» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті, ал «Корвинул» Конференция Лигасына кетті.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Конференция Лигасысының екінші іріктеу кезеңінде молдавиялық «Милсамиді» екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіске жетті.



Күн шежіресі