logo

«Оқжетпестің» шабуылшысы Ресейге оралды

«Оқжетпестің» шабуылшысы Ресейге оралды

Ресейлік шабуылшы Руслан Болов волгоградтық «Роторға» ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

29 жасар шабуылшы Қазақстанда 2022 жылдан бастап «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті

Клуб үшін Бірінші, Премьер лигалар мен Қазақстан Кубогында 61 матч өткізіп, 40 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. 2022 жылы «Оқжетпес» құрамында үздік бомбардир, шабуылшы және Бірінші лиганың үздік ойыншысы болды. 



Күн шежіресі