«Жеңіс» «Интердің» бұрынғы ойыншысымен толықты
Елордалық «Жеңіс» словениялық қорғаушы Матий ромға қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Матия Ром – «Домжале» (Хорватия) клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2016 жылы бастаған. Футболшы хорватиялық «Интер» және «Шибеник», сондай-ақ украиналық «Колос» командаларында ойнады.
Футболшының соңғы клубы грузиялық «Телави» болды. Ром Словенияның әртүрлі жастар құрамаларында доп тепкен.