logo

«Оқжетпес» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

«Оқжетпес» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

Көкшетаулық «Окжетпес» Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Дмитрий Мирошниченкомен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

32-жасар Мирошниченко көкшетаулық командамен Түркияда жиын өткізіп, ұжым құрамын ресми түрде толықтырды. Тәжірибелі қорғаушы Қазақстан Кубогының алдын ала кезеңіне қатысуға дайындалуда.

Мирошниченконың соңғы клубы Ресейдің Екінші лигасына қатысатын «Спартак Кострома» болды. Бұдан бөлек Дмитрий «Ақтөбе», «Тобыл», «Черноморец» және «Уфа» клубтарында өнер көрсетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында қорғаушы 11 ойын өткізді. 

Көкшетаулық «Оқжетпес» 2024 жылғы маусымда Бірінші лига арасындағы Біріншілікке қатысады. Команданы жарысқа қазақстандық бапкер Андрей Ферапонтов дайындауда.