AKAS Бірінші лигидағы клубтың орнын басады
Бірінші лигаға қатысуға бас тартқан «Іле-Сәулет» командасының орнын Екінші лиганың өкілі «AKAS» футбол клубы басады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші лигаға қатысу құқығына спорттық жетістіктері бойынша ие болған «Іле-Сәулет» клубы жарысқа қатысуға бас тартты. Орын алған жағдайда ҚКФЛ екінші лигада көрсететін клубтардың бәріне ұсыныс жасаған болатын, алайда бұл ұсынысты тек қана «AKAS» клубы қабылдады.
«AKAS» футбол клубы 2024 жылғы маусымның Бірінші лиганың 16 қатысушысы атанды.