logo

Омарханов Тунистегі турнирді сәтті бастады

Омарханов Тунистегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Амир Омарханов Монастирде (Тунис) өтіп жатқан ITF турнирінің 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Бұл кезеңде 17 жастағы қазақстандық спортшы алжирлік Хамзат Регигаға қарсы ойнады.

Матч үш сетке созылды. Омарханов жалпы 4:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда Әмір италиялық Лука Кастаньоламен кездеседі.