logo

Бейбіт Жұқаев жас қазақстандық теннисшілерге баға берді

Бейбіт Жұқаев жас қазақстандық теннисшілерге баға берді

Қазақстандық теннисші, ұлттық құраманың мүшесі Бейбіт Жұқаев Sport+ телеарнасына берген сұхбатында еліміздің бас жас теннисшілері Әміре Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы туралы пікірімен бөлісті.

«Мен олармен жұмыс істедім деп айтпас едім. Кеше Омархановпен бір жаттығу өткіздім, оған дейін оны кішкентай баланы кезінде көрдім. Заңғармен мен 2023 жылы Словакияда  бір жиында жаттықтым, бірақ сол кездеде бір ғана жаттығу жасадым. Менің ойымша, олардың болашағы өте жақсы. Егер олар жұмысын жалғастырып, нәтиже көрсетсе, ерлер теннисінде өзін көрсетуге жақсы мүмкіндігі бар», — деді Б. Жұқаев. 

Бейбіт Жұқаевпен толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.