Елена Рыбакина WTA рейтингінде жетінші орында қалды

WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігі өзгеріссіз қалды: көшбасшы – белорусьтік Арина Соболенко, екінші орында польшалық Ига Швентек, ал үшінші сатыда америкалық Кори Гауфф тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жетінші орнын сақтап қалды. Өткен аптада ол Дохадағы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, Швентекке екі сетте (2:6, 5:7) жеңілді.
Юлия Путинцева үш сатыға төмендеп, 23-орынға түсті.
Жұптық рейтингте көшбасшылар – чехиялық Катержина Синякова, Жаңа Зеландиялық Эрин Рутлифф және америкалық Тейлор Таунсенд.
Қазақстандық жұптық разрядтағы үздік теннисші Анна Данилина 19-орында қалды, Путинцева екі орынға көтеріліп 105-орынға, ал Жібек Құламбаева 158-орынға жайғасты.