logo

Шевченко мен Скатов Пәкістанға қарсы ойында Қазақстанға жеңіс әкелді

Шевченко мен Скатов Пәкістанға қарсы ойында Қазақстанға жеңіс әкелді

Дэвис кубогындағы екінші ойын күні жұптық матчпен басталды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасының Пәкістанға қарсы кездесуіндегі үшінші жеңіс ұпайын Александр Шевченко мен Тимофей Скатовтан жұбы алып келді. Олар Муртаза – Хан дуэтін екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Осылайша, есеп 3:0 болып, Қазақстан ресми түрде Пәкістанға қарсы кездесуде жеңіске жетті.