logo

Жібек Құламбаева Антальяда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Антальяда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Түркияның Анталья қаласында ITF W35 турнирі басталды. Жұптық сында Қазақстан өкілі Жібек Құламбаева ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге алғашқы айналымда болгариялық Денислава Глушкова мен словакиялық Виктория Морвайова жұбын 6:1, 6:3 есебімен жеңді.



Күн шежіресі