logo

Олимпиада алауы Францияға жетті

Олимпиада алауы Францияға жетті

Ел аумағында алауды алғашқы болып ұстаған француз жүзгіші Флоран Маноду болды,  деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Париждегі ойын 26 шілдеде басталады. 

Оны Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласына ХIХ ғасырдағы Белем желкенді кемесімен алып келді. 

Алау Грекиядан келгеннен кейін оны бірінші болып француз жүзушісі, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Флоран Маноду ұстады. 

Желкенді кеме Марсельдің ескі портына Францияның әнұранымен кірді. Салтанатты шараны жағалаудан 50 мыңға жуық адам тамашалады. 

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.