logo

Спортшыларымызды Олимпиадаға даярлауға шетелдік мамандар тартылды

Спортшыларымызды Олимпиадаға даярлауға шетелдік мамандар тартылды

Францияның Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған қазақстандық спортшыларға қандай қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазіргі таңда Париж Олимпиадасына жолдама алған жетекші спортшылар оқу-жаттығу жиындарын арнайы жоспармен өткізіп, тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр.

Оның ішінде бокс, күрес, таеквондо, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика сияқты спорт түрлеріндегі кейбір спортшыларымыз жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатыр.

Дирекция тарапынан олардың барлығы оқу-жаттығу жиындарымен толық қамтамасыз етілді», - деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.



Күн шежіресі