logo

Оганесян, Дебле және Удо Конференция лигасының топтық кезеңі үшін таласады. «Пюник» — «Целе» плей-офф матчын қайдан көруге болады

Оганесян, Дебле және Удо Конференция лигасының топтық кезеңі үшін таласады. «Пюник» — «Целе» плей-офф матчын қайдан көруге болады

Шымкенттік «Ордабасыны» Конференция лигасынан ұшырған армяндық «Пюник» клубы словениялық «Целемен» бақ сынасады.

Еревандықтар қазақстандық клубты еурокубоктардан тыс қалдырды. «Пюник» сапында Қазақстан чемпионатында өнер көрсету тәжірибесі бар үш футболшы бар, олар: қорғаушы Арам Оганесян, жартылай қорғаушы Соломон Удо және форвард Серж Дебле.

«Целе» клубы туралы айтатын болсақ, бұл команданы «Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы Альберт Риера басқарады. Аталмыш маман 2022 жылы «Ақсуды» басқаруға жақын болды, бірақ соңғы сәтте тараптар өзара келісе алмады.

Бұл жұптың алғашқы матчы 22 тамызда Ереванда өтеді. Ойынның бастаулы сағат 21.00-де.

Матчты тікелей эфирле sportplustv.kz сайтынан көруге болады.