logo

Магомед Адиев Абат Айымбетовтің басты проблемасын атады

Магомед Адиев Абат Айымбетовтің басты проблемасын атады

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиев «BorodAbata» ютуб-каналына берген сұхбатында шабуылшы Абат Айымбетовтің басты проблемасын атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын қазақстандық форвард үнемі қосалқы құрамда отырып, матчқа сирек шығады.

«Көрсетеді деп үміттенем. Оның жақсы қасиеті бар – үнемі өзінің мықты екенін дәлелдеуге тырысады. Ол қанша гол қажет болса, сонша гол соға алатын футболшы. Бірақ, оның басты проблемасы – жарақаты бар.

Салдарынан Абат бүкіл жаттығу процесін жоғары деңгейде өткізе алмады. Тіпті, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарына да дұрыстап қатыса алған жоқ. Мен онымен бұл тақырыпта сөйлесіп, қарқынын жоғалтып алғанын айттым.

Оның басты ерекшелігі – үнемі қысым көрсетуінде. Бірақ, қазір бұл қасиетінен айрылып қалды. Егер соңғы жаттығуларын жоғары деңгейде өткізе алса, қайта бабына келеді деп ойлаймын. Абат – Түркия чемпионатының деңгейіне лайықты футболшы», - деді Адиев.

Еске салайық, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапына биыл ақпан айында ауысты. Оның келісімшарт мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін.



Күн шежіресі