logo

«Бранн» — «Астана» Конференция лигасының плей-офф ойынының тікелей эфирі

«Бранн» — «Астана» Конференция лигасының плей-офф ойынының тікелей эфирі

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы 22 тамызда норвегиялық «Бранн» мен қазақстандық «Астана» арасындағы УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч қазақстандық уақыт бойынша сағат 22:00–де басталады. Ойынды Sport Plus Qazaqstan телеарнасының эфирінен және арнаның сайтынан көруге болады.

«Астана» — Еурокубоктарда Қазақстанның соңғы қатысушысы. Қазақстандық команда алғашқы ойынды сыртта өткізеді, ал қарымта кездесу 29 тамызда Алматыда өтеді. Бұл екі ойыннан тұратын текетірестің жеңімпазы Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.