logo

Иван Граф: Қазақстан футболының ең үлкен минустарының бірі - балалар футболы

Иван Граф: Қазақстан футболының ең үлкен минустарының бірі - балалар футболы

Сегіз жыл бойы қазақстандық клубтарда өнер көрсеткен қорғаушы Иван Граф Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қазақ футболындағы мәселелер мен Хорватияның бірінші лигасының деңгейі жайлы айтты.

— Иван, сен соңғы маусымды Хорватияның бірінші лигасында өткіздің. Қазіргі уақытта Қазақстандық клубтардан ұсыныстар бар ма?

— Ия, мен соңғы жарты жылда Хорватияда ойнадым. Командамызбен Хорватияның бірінші лигасында чемпион атандық. Басқа клубтардан ұсыныс болатын болса, мен командадан кетемін деген келісім болған. Қазақстандық екі командадан ұсыныс түскен еді. Алайда, келісім-шартқа қол қоюға дейін жетпеді. Сол себепті, Хорватияда қалдым. Бапкерлік лицензияны алдым. Жасыма қарамастан, әлі де физикадық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін.

— Қазақстан Премьер-лигасы Хорватияның бірінші лигасынан деңгейі төмен бе?

— Қазақстан премьер-лигасының деңгейі Хорватияның бірінші лигасынан төмен деп айта алмаймын. Менің ойымша Қазақстан чемпионатының деңгейі жоғары. Алайда, УЕФА рейтингісі бойынша Хорватия әлдеқайда алда тұрғандықтан ол елдің бірінші лигасы жақсы деңгейде деп ойлайды.

— Сен Қазақстанда 8 жыл өнер көрсеттің. Қазақстан премьер-лигасының жақсы және жаман жақтарын атап кете аласың ба?

— Премьер-лигада 8 жыл және 1 жыл бірінші лигада ойнадым. Қазақстандағы футболға шынымда айтсам үйреніп кеттім. Ең үлкен минустардың бірі -балалар футболы және инфрақұрылым. Осы бағытта жұмыс жасау керек. Балалар футбол мектептерін ашу қажет. Сол кезде 10-15 жылдан кейін мықты ойыншылар шығады.

— Вахид Масудов «Шахтер» клубының бас бапкері кезінде бастапқы құрамға ілікпедің. Алаңға сирек шығуыңның себебін түсіндірді ме?

— Магомед Мусаевич, «Шахтерда» бапкер болған кезде бастапқы құрамда шығып, ойнап жүрдім. Кейін Ұлттық құрамаға кеткеннен кейін, қосалқы ойыншы болып қалдым. Масудов келгеннен кейін бастапқы құрамда шықпай жүрдім. Көбінесе қосалқы құрамда отырдым. Бапкермен сөйлескенде жоқпын. Бапкердің шешімі бойынша мен командаға керек емес болдым. Масудовтың шешімін қабылдау қажет. Жақында менде бапкерлік мансабымды бастаймын. Әрбір адам қателесуі мүмкін.

— Қазақстан Премьер-лигасында қандай командаға және ойыншыға қарсы ойнау қиын?

— 2015 жылы Қазақстанға келгенде, «Қайратқа» қарсы ойнау қиын болатын. Ол кезде алматылықтар құрамында Аршавин өнер көрсетіп жүр еді. Сонымен қатар, Исаэль, Жерар Гоу, Марин Томасов секілді осы ойыншыларды атап кете аламын. Өте жылдам, шебер футболшылар. Кезінде өнер көрсеткен қазақстандық клубтардың матчттарын теледидардан қарап тұрамын және еурокубоктарда сәттілік тілеймін.



Күн шежіресі