logo

OCTAGON лигасыда өтетін Кичигиннің чемпиондық жекпе-жегі жарияланды

OCTAGON лигасыда өтетін Кичигиннің чемпиондық жекпе-жегі жарияланды

OCTAGON лигасының жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Георгий Кичигин (31-10) 23 ақпанда Алматыда өтетін лига турнирінде өзбекстандық Шохасан Мирзаматовпен (14-4) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport+ лигаға сілтеме жасап.

Бұл кездесу 2024 жылдың қаңтарында өтуі тиіс еді, алайда сол кезде Мирзаматов салмақ өлшеуден өте алмай, жекпе-жек тоқтатылған болатын.

Кичигин соңғы кездесуін қараша айында өткізіп, ресейлік Хамзат Чапановпен жекпе-жекте тұншықтыру әдісін қолданып, белбеуін қорғап қалды. Бұған дейін АСА ұйымындағы жеңілісінен кейін Георгий спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған еді, бірақ кейін бұл шешімін өзгертіп, қазақстандық лигадағы белбеуін қорғауды жалғастырды.



Күн шежіресі