logo

Ислам Махачев жартылай орта салмаққа өтетінін айтты

Ислам Махачев жартылай орта салмаққа өтетінін айтты

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев жартылай орта дивизионда титулды жеңіп алу туралы амбицияларымен бөлісті. Қазіргі уақытта бұл белбеудің иегері оның досы Белал Мұхаммад болғанына қарамастан, Махачев жағдайдың жылдам өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Sport+.

«Мен бұл спорттан екінші белбеусіз кетпеймін. Бұл – менің мақсатым. Иә, Белал – менің досым. Біз соңғы апталарда бірге жаттықтық. Біздің менеджеріміз де бір. Бірақ не боларын уақыт көрсетеді, бәрі тез өзгеруі мүмкін», – деді Махачев.

Айта кетейік, Ислам осы демалыс күндері UFC 311 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысады. Егер ол Арман Царукянды жеңсе, жеңіл салмақта белбеуін қорғау бойынша рекорд орнатады (4).