Нұрәлі Әліп: Уайымнан екі күн ұйықтаған жоқпын, әйелім мешітке барды
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы сапында үшінші рет Ресей чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболшы соңғы турдың матчынан кейін эмоциясын жасыра алмады.
Осы жолы Ресейде чемпиондық тек соңғы турда анықталды. Бірден үш команданың мүмкіндігі болған. Алайда, тағы да «Зениттің» жолы болып, кезекті рет топ жарды.
«Эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Соңына дейін чемпион болатынымызға сендім. «Ростовпен» матчтың бірінші таймында қиынға соқты.
Ойын жүрмей жатты. Оның үстіне болмайтын гол жіберіп алдық. Қайта өзіміз екі гол салдық.
Футболды осындай эмоциялары үшін жақсы көреміз. «Краснодар» да жеңіске жетіп, бізге көмектесті. Соңғы екі күн көз ілмедім. Әйелім мешітке барып, дұға жасады. 100 пайыз дайындалдым.