Неймардың жаңа клубқа ауысқаны ресми түрде жарияланды

Бразилиялық «Сантос» клубы өздерінің әлеуметтік желілерінде жұлдызды шабуылшы Неймардың клубқа оралғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Неймар туған клубына он бір жарым жылдан кейін қайта оралды. Ол «Сантостан» 2013 жылдың жазында «Барселонаға» ауысқан болатын. Бірнеше күн бұрын 32 жастағы Неймар Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубымен келісімшартын бұзды. Енді шабуылшы Бразилия чемпионатында өнер көрсететін болады.
Неймар футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы мәртебесін жеті жылдан астам уақыттан бері сақтап келеді. 2017 жылдың жазында «ПСЖ» оны сатып алу үшін 222 миллион еуро төлеген.