logo

Бір жыл бойы емделген Неймар қайта жарақат алды

Бір жыл бойы емделген Неймар қайта жарақат алды

Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубында ойнайтын бразилиялық даңқты шабуылшы Неймар бір жыл емделгеннен кейін кеше ғана жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды Sport +.

Ол Азия чемпиондар лигасында Иранның «Эстеглал» клубымен матчта 58-минутта ойынға қосылған. Бірақ 87-минутта қайтадан ауыстыруды сұрады.

Дәрігерлер футболшының жамбас бұлшықеттерінің зақымдануын анықтады. Оның алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Неймар тізе буынының жыртылуына байланысты бір жылды спорттан тыс өткізіп алған болатын.