logo

Неймар 54 млн долларға пентхаус сатып алды

Неймар 54 млн долларға пентхаус сатып алды

Әйгілі бразилиялық футболшы Неймар Дубайдан (БАӘ) 54,45 миллион доллар тұратын пентхаус сатып алды, деп хабарлайды Sport +.

Дереккөздің мәліметінше, Неймар Дубайдағы Bugatti Residences кешенінен 200 миллион дирхамға (54,45 миллион доллар) пентхаус сатып алған.

Оның ішінде көліктерді үйге дейін кіргізуге мүмкіндік беретін лифт және Дубай орталығына қараған жекеменшік бассейн бар.

Айта кетейік, қазанда Неймар Майамиден (АҚШ) 26 миллион долларға жер телімін сатып алғаны белгілі болған еді.



Күн шежіресі