Натан Болье сапқа қосылды
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ чемпионаты аясындағы «Витязьбен» ойын алдында жарақаттанған ойыншылар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Барыстың еншісінде тоғыз матчтан кейін бес ұпай бар. Бүгінгі ойынға Коннор Смиттің қатысуы белгісіз. Ол бейсенбі күні жарақаттанған. Есесіне қорғаушы Натан Болье емделіп, сапқа қосылды. Кеше ол жалпы топтағы алғашқы жаттығуына қатысты», — дейді клубтың баспасөз-қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, «Витязьбен» матч 28 қыркүйек 15:00де Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.