«Барыс» өз айдынында ойын өткізеді
«Барыс» 28 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.
Ойын елорда уақытымен 15:00–дe басталады. Екі команда бұған дейін 35 мәрте кездескен. Оның 22-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. 21 қыркүйекте «Барыс» аталған қарсыласынан (1:4) жеңіліп қалған еді.
Қазақстандық команда бұдан кейінгі тағы бір ойынын Астанада өткізіп, 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.