Мәди Хасейн Қазақстан құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды

«Жеңіс» клубының қорғаушысы Мәди Хасейн Қазақстан ұлттық құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды, деп хабарлайды Sport+ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін біздің қорғаушымыз Мәди Хасейн Жомарт пен Қараманның ізімен Қазақстан ұлттық құрамасының орналасуына аттанады. Ел құрамасы 10-18 ақпан аралығында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді», – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.