«Бешікташ» Зайнутдинов командаласын Ресейге сатуға жақын

«Бешікташ» жартылай қорғаушысы Жедсон Фернандеш «Спартакпен» келісімшартқа қол қоюға жақын. Трансфердің соңғы егжей-тегжейлері осы апта соңына дейін шешілуі тиіс, деп хабарлайды Sport+ «СЭ» дерегіне сүйене отырып.
Фернандеш 2022 жылдан бері «Бешікташ» сапында өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда 26 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 33 матч өткізіп, 8 гол мен 2 нәтижелі пас берді.
Ол бұған дейін «Тоттенхэм» мен «Бенфика» клубтарында ойнаған. Португалиялық клуб сапында ел чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алған.