logo

«Ақтөбе» Украина клубынан басым түсті

«Ақтөбе» Украина клубынан басым түсті

«Ақтөбе» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жолдастық матчта украиналық «Колос» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Қос гол да қарсылас қақпасына белгіленген пенальтиден кейін соғылды. 12-минутта Алибек Қасым пенальтиден гол соға алмады, бірақ доп қайтып келгенде дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

62-минутта Идрис Умаев «паненка» тәсілімен есепті еселеді. Осыдан кейін «Колос» бір гол қайтарғанымен, жеңіс қазақстандық клубтың еншісінде қалды.