Милич Чурчич: Біз ілгері басып келеміз
«Тобылдың» бас бапкері Милич Чурчич Sport Plus Qazaqstan берген сұхбатында команда дайындығы жайында пікірімен бөлісті:
«Біз жаңа команда құрап жатырмыз, сондықтан ойыншылар біздің талабымызға бой үйрету үшін уақыт керек. Біз ілгері басып келеміз, бірақ кейбір мәселелер әлі де біраз жұмысты қажет етеді. Әсіресе қорғаныста жаңа ойыншылар келіп, коммуникация аздық етіп тұр. Жұмыс істеуіміз керек, дегенмен әр жаттығу мен әр ойында даму бар екенін байқаймын. Суперкубок матчына және чемпионат басталуына дайын боламыз деген үміттемін»