logo

Марокко құрамасы, «Тобылмен» келіссөздер, Қазақстан футбол алаңдары: ел чемпионатының үздік ойыншыларының бірі Ахмед Әл-Мессаудидің сұхбаты

Марокко құрамасы, «Тобылмен» келіссөздер, Қазақстан футбол алаңдары: ел чемпионатының үздік ойыншыларының бірі Ахмед Әл-Мессаудидің сұхбаты

«Тобылдың» морокандық жартылай қорғаушысы Ахмед Әл-Мессауди Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қостанайлық клубқа ауысқаны, ұжымның мақсаттары және Морокко футболының дамуы туралы айтып берді.

Бірнеше жыл бойы шетелде доп тепкен Әл-Мессауди Қазақстан чемпионатына келе салысымен ел біріншілігінің үздік футболшыларының біріне айналды. Бельгия футболының түлегі өзінің шебер техникасы және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Футболшымен сұхбатты «Жетісумен» өткен ойыннан бастадық.

– «Жетісумен» ойын біз үшін қиын болды, бірақ ең бастысы  — үш ұпай ала алдық.

Көпшілік «Жетісу» «Тобылдан» әлдеқайда қызықты көрінді деп санайды. Онымен келісесіз бе?

– Біз өте жақсы бастадық және тез гол соқтық. Осыдан кейін олар бізден жақсы көрінді. Алайда, біздің қорғанысымыздың арқасында қақпамыз голдан аман қалды.

– «Стандартта» сіз Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Георгий Жуковпен болдыңыз. Оның футбол қабілеттерін сипаттаңыз және сіздердің қарым-қатынастарыңыз қандай болды?

– Иә, Георгий екеуміз «Стандардқа» дейін бір футбол академиясында оқыдық. Содан кейін біз «Стандартта» тағы да кездестік. Ол сапалы техникалық дағдылары бар жақсы футболшы. Мен «Тобылға» ауыспас бұрын одан Қазақстан чемпионаты пен ел туралы сұрастырдым.

Марокко құрамасы, «Тобылмен» келіссөздер, Қазақстан футбол алаңдары: ел чемпионатының үздік ойыншыларының бірі Ахмед Әл-Мессаудидің сұхбаты

– 2022 жылы Марокко құрамасы әлем кубогының жартылай финалына шықты. 26 футболшының 14-і натурализацияланған марокколықтар болды. Мұндай оқиға қанша уақытқа созылады және ел ішінде футбол қалай дамып жатыр?

– Менің ойымша, Марокко футболының әлеуеті зор. Көптеген марокколықтар иммиграцияға байланысты Франция, Нидерланды, Бельгия, Испания немесе Италияда өсті. Ұлттық құраманың 14 натурализацияланған ойыншысын осылай түсіндіруге болады. Сонымен қатар бізде Марокконың Рабат қаласында Африканың Мұхаммед 6 атыңдағы ең керемет академия бар.

– 2015 жылы сіз тарихи отаныңыз үшін ойнауға шешім қабылдадыңыз. Мұндай тілек немен шартталды?

– Менің ата-анам Мароккода дүниеге келген, мен Бельгияда өстім, бірақ Марокко мәдениетімен тәрбие алдым, сондықтан мен үшін өз отанымды таныстыру қалыпты жағдай болды. Бұл менің футбол мансабымдағы ең жарқын сәт десем болады.

– «Тобылдан» ұсыныс қалай пайда болды? Неліктен сіз қостанайлықтардың ұсынысын қабылдадыңыз?

– «Тобылмен» келісім өте тез жасалды. Олар маған Еуропа лигасы және чемпионаттағы бірінші орындарға таласқысы келетіні туралы жобаны көрсетті. Осы уақытқа дейін мен ешқашан титулдар үшін күресетін командада ойнаған емеспін. Бұл мені ынталандырды және мен өз таңдауыма өте ризамын.

– Ауысқанға дейін Қазақстан туралы не білдіңіз? Қандай қызықты нәрселерді байқадыңыз?

– Шынымды айтсам, мен Астанадан басқа ештене білмедім. Мен әлі көп нәрсені көрген жоқпын, бірақ мен Қостанайда адамдар мейірімді екенін және менің отбасыма мұнда жақсы екенін айта аламын. Мен Қазақстанды аралап, оның әдемі жерлерін көруге асықпын.

Марокко құрамасы, «Тобылмен» келіссөздер, Қазақстан футбол алаңдары: ел чемпионатының үздік ойыншыларының бірі Ахмед Әл-Мессаудидің сұхбаты

Ұлттық тағамдардың дәмін татып үлгердіңіз бе?

– Әлі көрген жоқпын, бірақ міндетті түрде көремін (күледі).

– Қостанайда өміріңіз қалай ұйымдастырылған? Қайда тұрасыз, қалада қайда барып тұрасыз?

– Мен ойыншылардың көбі тұратын бір жерде жайғасқанмын. Мен орталық саябақта серуендеп, кофе ішкенді ұнатамын.

– Қазақстан футболының басты кемшіліктері: инфрақұрылым, балалар мен жасөспірімдер футболының нашар дамуы, сондай-ақ басқа да футболға қатысы жоқ дүниелер. Осы қысқа мерзімде сіз қандай кемшіліктерді байқай алдыңыз?

– Мұнда «Тобылда» бізге жақсы жағдайлар берілген, бірақ біз сыртта ойнаған кезде алаңдар әрқашан жақсы бола бермейді.

«Тобыл» осы маусымда үлкен амбицияға ие. Командағы атмосфера қандай? Легионерлер жергілікті аяқдопшылармен қарым қатынасы қандай?

– Біздің команда ішінде өте жақсы атмосфера қалыптасқан. Әркімнің амбициясы бірдей және барлығы оларға жету үшін соған сәйкес жұмыс жасайды. Бізде «бөлек топтар» жоқ, бір бірімізбен ағылшын тілінде сөйлесе аламыз, бұл проблема емес.

Марокко құрамасы, «Тобылмен» келіссөздер, Қазақстан футбол алаңдары: ел чемпионатының үздік ойыншыларының бірі Ахмед Әл-Мессаудидің сұхбаты

– Қазақ немесе орыс тілдерінде сөздерді үйрендіңіз бе?

– Мен бірнеше басты сөздерді, сондай-ақ бірнеше тактикалық футбол терминдерін үйрендім, бірақ тағы көбірек білгім келеді.

– Сіз «Тобылмен» мансабығыздағы жалғыз титулды жеңіп алдыңыз. Бұл медаль сіз үшін қаншалықты маңызды болды?

– Иә, Суперкубок менің мансабыңдағы алғашқы титулым болды. «Тобылмен» одан да көп трофейлерді ұтып аламын деп үміттенемін. Бірінші трофей әрқашан ерекше, сондықтан мен оны мәңгі есімде сақтаймын.

– Жазда «Тобыл» Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Бұл турнирде клубтың алдында қандай мақсаттар тұр?

– Ең алдымен, біз топтық кезеңге шыққымыз келеді. Және, әрине, мүмкіндігінше ары қарай өте беруге тырысамыз.